“Мазамды алуда”: орамалдағы қыз желіде ізін аңдыған ер адамды айтып, ҰҚК-ден көмек сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 тамыз, 2024
- 3.3k
Әлеуметтік желіде орамаллағы қыз желіде өзіне тыныштық бермей жүрген ер адамды айтып, ҰҚК-ден көмек сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Эмануэлла Наурызбаеваның айтуынша, ер адам оған уағызшылардың видеоларын жібереді. Сонымен қатар басқа дінді тықпалаған.
«Мен — қазақпын! Осы елде туып — өскенмін. Алайда ТикТок әлеуметтік желісінде «nurs bloger» деген атпен тіркелген жігіт маған «сен өзбексің» деп жала жауып, мазамды алуда. Дәлел ретінде жеке куәлігімді де көрсеттім. «nurs bloger» деген кісі эфирде көрсеткен куәлігімді фотоға түсіріп алыпты. Мұнан бөлек «nurs bloger» деген ТикТок қолданушы менің діни сеніміме тиісіп, өзінің діни сенімін тықпалап, «мына кісілерді тыңда» деп мен білмейтін уағызшыларды тықпалайды. Мен — Әбу Ханифа мәзхабын ұстанамын», — деді хиджабтағы қыз.
Сондай-ақ, тікелей эфир кезінде жеке куәлігін түсіріп алған оны сотқа бере алатынын да жеткізді.