Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Тілегін орындауға тырысайықшы»: Жәнібек өзін асырап алған марқұм бельгиялық әйелдің аманатын жариялады

«Тілегін орындауға тырысайықшы»: Жәнібек өзін асырап алған марқұм бельгиялық әйелдің аманатын жариялады
Сурет: Ашық дереккөздерден
Биыл қаңтарда Таиландта жүрген кезімде Валери ұзақ жылдар бойы азап шеккеннен кейін былтыр эвтаназияға жүгінгенін айтып еді

Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек анасының соңғы өсиетін айтып, оқырмандарынан көмек сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Ең алдымен өмірде жақынынан айырылып қалған адамдардың бәріне көңіл айтқым келеді. Валери 10 шілдеде қайтыс болды. Иә, мені асырап алған анам таңғы 10:30-да бұл дүниемен қоштасты. Биыл қаңтарда Таиландта жүрген кезімде Валери ұзақ жылдар бойы азап шеккеннен кейін былтыр эвтаназияға жүгінгенін айтып еді. Валери мықты адам ретінде есте қалды, өйткені ол басына түскен қиындықпен жалғыз күресуге мәжбүр болды. "Туған анаңды тап және мына үлкен әлемде жалғыз қалма" деп маған соңғы тілегін айтып кетті. Сауалы көп, жауабы жоқ оқиғада оның тілегін орындай алар ма екенбіз? Рақмет, мама, - деді Жәнібек. 

Өзіне көңіл айтып, осы уақытқа дейін қолдап келген жандарға рахметін айтты.

«Достар, қайырлы күн! 10.07.2024. — көпшілік білетіндей, бұл менің ең жақын адамым қайтыс болған күн. Иә, әлемдегі жалғыз жақын адам. Валери менің туған анам болмаса да, ол мені өз ұлындай жақсы көрді және мен үшін қолынан келгенін жасауға тырысты. Мені қолдап, хат жазып, көңіл айтқан жандарға рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін, жақсы адамдар! Валеридің соңғы тілегін орындауға тырысайықшы. Кездескенше!, - деп жазды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар