"Зорлағыш боксер тергеуде заңсыздықтар жасады": заңгер тергеуде Әнарудың құқығы шектелгенін айтты
- автор kyn.kz
- 26 тамыз, 2024
- 2.5k
Заңгер Ләззат Ахатова зорландым деген Әнаруды тергеу қызметкерлерінен бастап, қарапайым азаматтарға дейін кемсітіп, жәбірлеп жатқанын жазды. Ол өзі бойжеткенмен сөйлесіп, арыз түсіруге мәжбүр болғанын айтады. Өйткені оған бірнеше себеп, қыздың қорлануы әсер еткен болуы мүмкін деп топшылады заңгерн.
"Дүйсенбі күнгі баспасөз конференциясында қыз зорлағыш боксер мен жақтастарының не ойластырып жатқанын кім білсін, сұрап білгенімдей, тергеуде заңсыздықтар орын алып жатыр екен.
Біріншіден, 20-тамыз күнгі беттесуге күдікті екі адвокатпен барған. Ал жәбірленушінің қасында ешкім болмаған. Адвокат алу құқығы туралы түсіндірмеген де. Телефонын алып қалған. Ал ана күдікті мырза тергеу ғимаратына телефонмен кірген, ол аздай, тергеушілермен бірге тысқа шығып, қайта-қайта бөлек сөйлескен. Әжетханаға барам деп, бірнеше рет сұранған.
Беттестіру хаттамасын жәбірленушіге бермеген. Сараптама қорытындысы шыққасын береміз депті. Бүгін тағы сұраса, тергеуші тағы солай жауап қайтарған. Тараптарға хаттама берілуі тиіс. Және әр тергеу амалын жүргізерде тараптарға (әсіресе жәбірленушіге) құқықтары түсіндірілуі тиіс. Оның бірі де жасалмаған. Соған қарағанда, хаттаманы да бұрмаламақ па, әлде қызды мүлде танымаймын деп, бар бәлені қызға жаппақ па, ниеттері таза емесі анық..
Алматы қаласы, Әуезов аудандық полиция бөлімінде болып жатқан жағдайлар.
Міне, біздің құқық қорғау органдарының қазіргі бет-бейнесі осындай. Адам онсыз да жәбір көріп, жаны қиналғаннан барады ол жерге. Ал олар құқығыңды қорғамайды, қорлайды. Әсіресе зорлау фактісі бойынша зорланған қызды тергеушілердің өздері мазақ қылып, көршілеріне жариялап, кекесінді, қитұрқы сұрақтар қойып, онсыз да жаны жаралы жәбір көрген адамды морально сындырып тастайтынын талай естігем. Тіпті қызы зорланған бір кісілер сондай әрекеттерге шыдамай, басқа жаққа көшіп кеткенін, өйткені қыз тергеуден келгесін, суицид жасамақ болып жатқан жерінен аман алып қалған да жайттар болған..Әйелге әлімжеттік жасау, қызды қорлау - бір отбасының емес, күллі қоғамның проблемасы болмайынша, есерсоқ еркектердің есіргені есірген..",-дейді Ләззат Ахатова.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024