Қазақстанда 2025 жылы АЕК мен төменгі зейнетақы мөлшері өзгеруі мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 тамыз, 2024
- 322
Қазақстанда келесі жылы төменгі зейнетақы мөлшері өзгеруі мүмкін. Бұл туралы құжат Ашық НҚА порталында пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Қаржы министрлігі Ашық НҚА порталында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жариялады.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері 3 932 теңгеге дейін өседі деп жоспарланған. Қазір оның мөлшері 3692 теңгеге тең.
Ең төменгі жалақы мөлшері өзгермейді, 85 000 теңге болып қала бермек. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 215 теңгеден 32 360 теңгеге дейін өседі. Елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңгенің орнына 62 771 теңге болмақ.
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін өмір сүру шекті сома 46 228 теңгеге дейін өспек, қазір бұл көрсеткіш - 43 407 теңге.
Құжат 31 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.