«Спортты жалғастырмаймын»: Назым Қызайбай спорттан қашан кететінін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 тамыз, 2024
- 319
Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай финалға шыға алмау себебін дайындығының аз болуымен байланыстырды. Сонымен қатар, күйеуге шықса спорттан кететінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі STAN.KZ сайтына сілтеме жасап.
Назымның сөзінше, боксшылардың үздіктер қатарынан көрінуіне бірнеше фактор әсер етуі мүмкін.
“Бокс – олимпиадада ең бірінші келіп, ең соңында кететін спорт түрі. Біз екі аптадай жүрдік. Созылып кетті. Ол да өз әсерін беруі мүмкін. Кейбір спортта спортшылардың қатысып жатқанына қуанса, біздікілер алтын күтеді. Сондай деңгейге жетіп қалған. Жылдан жылға қиындау болып жатыр. Бұған дейін жеткен жетістіктерді ұмытып кетеді. Әлем чемпионатында төрт алтынмен келді біздің жігіттер. Сол кезде бәрі көтерді. Бірақ бұл жерде басқаша болды. Солай бұйырып тұрған шығар. Алда өзгерістер болатын шығар деп ойлаймын”, – дейді Назым Қызайбай.
Назым тұрмыс құрған соң спорттан кететінін ашық айтты.
“Егер сен өз адамыңды кездестірсең, ештеңеге қарамай шыға салатын сияқтысың. Мен солай олаймын. Өз адамымды кездестірмеген соң, спорт деп жүрмін. Күйеуге шыққан соң спортты жалғастырмаймын. Кейбіреулер бар, күйеуге шығады, қайтып келеді. Баласы бар қыздар бар бізде. Қиын. Таңдау жасаған соң, солай кету керек”, – дейді спортшы.
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024