Елімізге 2 алтын әкелген пара-армрестлинг чемпионына аудан әкімі бокал жиынтығын сыйлап сынға қалды
- автор kyn.kz
- 28 тамыз, 2024
- 812
Абай облысының тумасы өз карьерасында 7 дүркін әлем чемпионы атанды. Оның қуанышына ортақтасып, құттықтамақ болған Жарма ауданы әкімінің орынбасары Райым Жолдасбекұлы желіге құттықтаған сәттің фотосын жүктеген. Елдің сынынан кейін ол жазбаны өшіріп тастаған. Халық жаңалықты есітіп, әкім орынбасарының чемпионға берген сыйлығын сынға алған. Фотода спортшы 6 бокалдың қорабын ұстап отырған, деп жазды Kyn.kz тілшісі.
"Сұмдық! Еліңнің, жеріңнің намысын қорғап келген, әлемді бағындырған спортшыға бокал сыйлады дегенді қалай түсінуге болады? Ұят! Суреттегі Зарина Примак Абай облысы, Жарма ауданының намысын қорғап, 7 рет әлемді бағындырған, спорт әлемінде ізін қалдырып жан. Фотоны Жарма ауданы әкімдігі жүктеп, артынан пікірлерді көріп өшірген.
Примак Зарина тамыздың 16-25 аралығында, Молдова елінің Кишинёв қаласында өткен пара -армрестлингтен әлем чемпионатында әйелдер арасында, сол қолдан алтын, оң қолдан да алтын алып жеті дүркін әлем чемпионы атанған спортшы",-деп жазды Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев.
Ұқсас жаңалықтар
Паралимпиада ойындарында Ерғали Шәмей күміс жүлдегері атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 қыркүйек, 2024
Париж Олипиадасына қатысқан спортшыны жігіті бензин шашып өртеп жіберді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 қыркүйек, 2024