Басты жаңалықтар
«Жел күшейеді»: 29-31 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 тамыз, 2024
- 589
29-31 тамыз аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады
«Қазгидромет» РМК алдағы күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, 29-31 тамыз аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.
«Температураның біртіндеп төмендеуі күтілуде: солтүстік-батыста, солтүстікте, республиканың орталығында түнде + 10...+16 °С-тан +5...+10°С-ке дейін, күндіз + 20...+ 25 °С, оңтүстікте +28°С-тан +18°С дейін. Тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндіз +22-ден жылы ауа райы күтіледі. Еліміздің басқа өңірлерінде температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», – делінген хабарламада.