«Карьерамды аяқтағым келді»: Елдос Сметов спортқа қатысты мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 тамыз, 2024
- 910

2024 жылғы Париж Олимпиадасында дзюдодан чемпион атанған Елдос Сметов енді төрт жылдан кейін Лос-Анжелесте өтетін дүбірлі додаға дайындалатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
"Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді", - дейді Елдос Сметов.
Айта кетсек, ол бұдан бұрын мансабын аяқтау жөнінде әлі шешім қабылдамағанын айтқан еді.
Париж Олимпиадасында Елдос Сметов финалда Елдос Сметов татами иесі, франциялық Лука Мхидзені жеңді. Жартылай финалда Елдос әлем әрі Еуропа чемпионы, испаниялық Франсиско Гарригосты ұтты.
Елдос Сметов бұдан бұрын Олимпиадада 2016 жылы Рио де Жанейрода күміс, 2020 жылғы Токиода қола медаль жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар
"Халықтың тілегі қабыл болды". Өзбекстан футболдан әлем кубогына жолдама алды
- авторkyn.kz
- 6 маусым, 2025
Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 мамыр, 2025