Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Күйеуімнің тапқаны – біздікі деп ұрандатып отыратындар бар»: Сара Тоқтамысова кейбір әйелдерге кеңес берді

«Күйеуімнің тапқаны – біздікі деп ұрандатып отыратындар бар»: Сара Тоқтамысова кейбір әйелдерге кеңес берді
Сурет: Ашық дереккөздерден
«Саған оның не керегі бар, өзің жақсы қаражат табасың, сұлусың» деп болмайтын ақылын тықпалайтындар табылады

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова отбасылық бюджет туралы айтып, кейбір ер мен әйелдердің әрекетін сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. Ақын әйелдерге күйеулерін өзге еркекпен салыстырмауға шақырды.

«Қазіргі қоғамда, әсіресе, біз, әйелдер көп менмендікке салынып кетеміз. Қай білгіштің ойлап тапқанын білмеймін, мынадай сөз бар: Менің тапқаным – менікі, күйеуімнің тапқаны – біздікі деп ұрандатып отыратындар бар. Қараңызшы, сіздің күйеуіңіздің жұмысы аяқасты жүрмей қалды, аяқасты тоқтап қалды. Ескере кетейік, жатыпішер, жалқау, әйелінің мойнына өмір бойы масыл болып отыратын еркектер туралы айтып отырған жоқпын. Қоғамда бар дүниені айтып отырмын. «Тура осы кезде «ой, менің күйеуім түк таппайды, менің қалауларымды орындамайды, ананы қарашы, мынаны қарашы» деп өзін кім көрінгенмен салыстыра берсең, әйел адам өз берекесін өзі қашырады екен. Осы кезде небір ақылгөйлер көбейеді. «Саған оның не керегі бар, өзің жақсы қаражат табасың, сұлусың» деп болмайтын ақылын тықпалайтындар табылады. «Әйелге ақыл керек» деген осыдан шыққан. Ақылды жолдас болса, ешбір әйел ажыраспайды», – деді ақын келіншек.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар