Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өз анамды үйге әкелетін кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын»: Жазира Байырбекова отбасылық құндылықтар туралы айтты

«Өз анамды үйге әкелетін кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын»: Жазира Байырбекова отбасылық құндылықтар туралы айтты
Сурет: Ашық дереккөздерден
Үйге қонақ шақыратын кезде, біреуге үлкен сыйлық жасайтын кезде, бір жаққа баратын кезде де солай

Белгілі әнші Жазира Байырбекова отбасылық құндылықтар туралы айтты. Әлі күнге дейін жолдасы Жанболаттың рұқсатынсыз ешнәрсе жасамайтын әнші бұл әрекетін қазіргі қоғам дұрыс қабылдамайтынын жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол үйіне анасын әкелу үшін де күйеуінің рұқсатын алатынын жасрмады. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында бөлісті.

"Отбасы құндылығын сақтаудың құпиясын сұрайды. Оның нақты формуласы жоқ қой. Мысалы мен үйленгенімізге 28 жыл өтсе де, өз анамды үйге әкелетін кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын. Үйге қонақ шақыратын кезде, біреуге үлкен сыйлық жасайтын кезде, бір жаққа баратын кезде де солай. Ал қазіргі қоғам бұл әрекеттерім дұрыс емес дейді. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінбей қалдық", - деп жазды Байырбекова.
 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар