«Таптым-ау, сені»: Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет шаңырақ көтеретінін мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 қыркүйек, 2024
- 411
Белгілі актер, блогер Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет шаңырақ көтеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы желідегі парақшасында бөлісті. Ол неке қию рәсімі өтетін мекеннің белгілі болғанын жазды.
“Love story мен неке қию рәсімі өтетін мекен белгілі болды. Таптым-ау, сені. Алланың қалауымен жүректер тыныштық табатын мекенге қайта келдім. Жаңбыр жауғанда дұғалар сөзсіз қабыл болады дейді. Жүрегімдегі барлық нәрсені айтып ерекше сезімде болдым. Түрлі сынақ келсе де мойымайтын мінез, жалғызсырамайтын жүрек бергеніне шүкір дейін. Дұғамды айтып жатқанда шынайы бақытты сезіндім, жүрекпен қабылдаған шешімнің барлығы Алланың қалауы екеніне көзім жетті. Кейде бізге ұнамайтын нәрселерге сабыр етсек, артында үлкен сый жататынын осында ұғындым”, – деп жазды актер.
Айта кетсек, жақында ғана Нұрсұлтан Жақсыген бірінші әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтқан болатын. Олардың бірге туған екі баласы бар.