Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Шариғатпен жүргісі келсе, Ауғанстанға жіберіңдер»: Айгүл Орынбек ҰҚК төрағасынан Бас мүфтиді тексеруді талап етті

«Шариғатпен жүргісі келсе, Ауғанстанға жіберіңдер»: Айгүл Орынбек ҰҚК төрағасынан Бас мүфтиді тексеруді талап етті
Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz
Заңгер Қазақстан Ауғанстанға айналып бара жатқанын жазды

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын «балиғат жасқа келген қыз орамал тағу керек» деген сөзіне шүйлікті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, Қазақстанға заң жүзімен жүретін бас имам қажет екенін айтты.

«Сіз педофилизмді қолдайсыз ба? «Шариғатта балиғат жасқа келген қыз орамал тағу керек» депсіз! Әдетте қыз балаға хайыз (етеккір) келген уақыттан бастап , балиғат жасына жеткен (ержеткен, бойжеткен) болып саналады. Негізінде қыз балаларға 9 жастан етеккір келеді. Ал шариғат заңы бойынша етеккір келген 9 жасар қыз тұрмысқа шығуы керек! Біздің ел жәйлап Ауғаныстанға айналып бара жатыр!» – деді Айгүл Орынбек.

Заңгердың жазуынша, Бас мүфтидің бұл сөзі педофилизмге пропаганда. Сол себепті ол ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевқа Бас мүфтиді тергеп, тексеруді ұсынды.

«Мынау ашық педофилизмге пропаганда ғой! Біз сонда шариғат заңымен жүруіміз керек пе? ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев біздің мүфтиді тергеп тексеріңдер! Шариғатпен жүргісі келсе Ауғанстанға жіберіңдер, жүрсін сол жақта шариғат заңымен! Бізге шариғатпен емес, Қазақстан заңымен жүретін бас имам керек!» – деді Айгүл Орынбек.

Айта кетсек, Парламент ғимаратында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ға, жалпы дінге қатысты пікірін білдірген еді.

«Біздің салтымыз бен шариғатымызда ер адам немесе әйел болсын балиғат жасына толған соң үйлене алады. Құран Кәрімнің өзінде «Аллаға иман келтіргендер қалаған әйелдеріңе үйленіңдер» делінген. Яғни балиғат жасына толғаннан кейін үйленуге рұқсат беріледі. Біріншіден, әр ата-ана балаға дұрыс тәрбие беріп, кішкентайынан үйретуі қажет. Қазақта «текті жердің қызын ал» деген сөз бар. Сол себепті үйленген кезде ата-анасына қарап, текті жерден алғаны дұрыс», – деген болатын Наурызбай қажы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар