Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қыз емес болып келдің»: белгілі блогер күйеуі мен ажырасуына енесін кінәлайды

«Қыз емес болып келдің»: белгілі блогер күйеуі мен ажырасуына енесін кінәлайды
Сурет: Видеодан скриншот
Айтуынша, енесі келінін және оның анасын дуалатқан

Әлеуметтік желіде «Доня» есімімен таныс блогер Аружан Бауыржанқызы отбасының ойран болуына енесін кінәлайды. Айтуынша, енесі ішкілікке салынып келіні мен баласына балағат сөздер айтып, үйден қуған екен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

Блогер келіншектің айтуынша күйеуінің отбасы оны қабылдай алмаған. Ішкілікке салынған енесі келініне күн көрсетпей, араққа жұмсайтын болған.

«Күнде күліп-ойнап сториз түсіріп жүргеніммен, әр күні жылайтынмын. Маған үйленуіне қарсы екенін білетінмін. Бірақ ажыратып жібереді деп ойламадым. Азанда ұйықтап жатқан болатынмын. Есікті сындырып, шығып кеткен. Қасына барсам, маған арақ әкеп бер деп үйден шығарып жіберді. Енем арақ ішіп үйде қан құсып жатты. Ал менің балам түсіп ауруханада жаттым», - дейді блогер келіншек.

Айтуынша, енесі келінін және оның анасын дуалатқан. Енесі оны қыз емес болып келдің деп кінәлаған.

«Енемнің телефонын көріп жүргеннен кейін күйеуімді дуалаған суретті таптым. Менің мама мен өзімнің суретімді таптым. Базардан сұрасам, күйеуімнің анасы бізді дуалатқанын айтты. Содан бастап көңілім суи бастады. Телефонын қарасам тәуіп, балгерлерге толы. Арманы ажырату болған. Ажыратып тынды. Мен халық білсін деймін. Мамама тіл тигізді, маған жаман сөздер жазды. Қыз емес болып келдің деп жазды», - дейді

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар