Әйелге ұятсыз ұсыныс жасағаны үшін қызметінен кеткен экс-депутат Асқар Садықов мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қыркүйек, 2024
- 672
Мәжілісменде жұмыс істейтін әйелге ұятсыз ұсыныс білдірген деп қызметінен шеттетілген Асқар Садықов желіде қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол желіде жазба қалдырды. Алты баланың әкесі екенін алға тартып, Азат Перуашевтың айтқандарымен келіспейтінін жеткізді.
«Азат Перуашев өз халқын бірнеше рет адастырды. Шамасы, бұл – оның жұмыс стилі. Мен сізге жеке жүгінемін, Азат Перуашев. Егер мені партиядан шығарғыңыз келсе басқа дәлелдер келтірсеңіз болар еді, бірақ сізде ол да жоқ. Менен әлі күнге дейін түсініктеме алынған жоқ.
Екіншіден, партия басшылығы бұл жайт туралы маған ескертпеді. Үшіншіден, бұл мәселе Мәжілістің тәртіптік кеңесінде талқыланған жоқ. Сіздің мәлімдемеңізді оқып таңғалып отырмын. Бірақ сіздің бұған дейінгі жалған мәлімдемелеріңіз БАҚ-тың есіне түседі деп ойлаймын. Азат Перуашев осы ақпарат арқылы өзінің орынбасары, Ұлттық ұлан генералы жемқор деген ақпаратты жасырып қалғысы келген болар. Менің ойымша, Азат Перуашев, сіз мақсатыңызға жеттіңіз», — дейді Садықов.
Еске салсақ, өткен аптада Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демпартиясының ұсынымы бойынша Мәжіліс депутаты Асқар Садықовты депутаттық мандатынан айырған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Әрбір бесінші қазақстандық шетелге көшуді қалайды
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024