«Өз еркіңмен болдың ғой»: Әнару Құрманәлінің адвокаты тың деректермен бөлісті
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қыркүйек, 2024
- 332
Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова тергеуші қорғаушысына қысым жасағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, толтырған хаттамадағы жазудан-ақ Әнаурға қысым жасалғанын көруге болады.
“Тәуелсіз сараптама жасалды. Қорытынды қолымызда. Ал тергеу тағайындандаған сараптама әлі дайын емес. Тергеушінің іс-әрекетіне Қылмыстық -процестік Кодекстің 105-бабына сәйкес, прокуратураға шағым түсірілді. Іс қазір прокуратурада. Әуезов аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Д.Сағымбеков 20-тамыз күні екі тарапты беттестіру кезінде өрескел процессуалдық қателіктерге, яғни заңсыздықтарға жол берген. Атап айтқанда, жәбірленушіге құқықтары, яғни адвокат алу құқығы бары түсіндірілмеген. Тіпті беттестіру тергеу амалы жүргізілетінін де ескертпей, «келіп кетіңіз» деп, шақырып алған. Ал екінші тарап екі адвокатымен келген. Тергеуші тарапынан Әнаруға моральдық қысым жасалған. Сөздері мен әрекеттерінен Тұраровқа болысып, «сені зорлаған жоқ қой, өз еркіңмен болдың ғой» деп, қайта-қайта айтып, сол сөзді қостырған. Дене жарақаттарын сот – медициналық сарапшысы линейкамен өлшеп, тексерген. Ал тергеуші дене жарақаттарым жоқ деп айтқызған. Хаттама соңындағы Әнару жазған қисық жазулардан – ақ қолдары дірілдеп, қысым үстінде жазған адамның почеркі екенін аңғару қиын емес”,- деді адвокат.
Әнару Құрманәліге тергеуші 25 сұрақ қойса, Жанқош Тұраровты олай еш қинамаған. Оған тек 1 ғана сұрақ қойылған.
“Одан өзге, жәбірленушіге 25 сұрақ, ал Тұраровқа 1-ақ сұрақ қойғандығы, арызданушының әр уәжін күдіктіден сұрап, нақтыламағаны, оның жауабын тексермегені де тергеу амалының біржақты өткізілгенінің дәлелі. Бейнетаспа жүргізілмегені де осыны айғақтап тұр. Осы аталғандар негізінде 20-тамыз күні өткізілген беттестіру хаттамасын заңсыз деп танып, күшін жойып, қайтадан жәбірленушінің адвокаттарының қатысуымен беттестіру және қосымша жауап алу туралы талап қойылды. Әнаруды қорғаушы тарапқа тағы бір адвокат қосылды. Ұзақ жылдар тергеу саласында істеген, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, білікті маман Айлан Ескеров мырзамен бірігіп, жұмыс істеп жатырмыз. Тағы да көмектесеміз деген қорғаушылар аз емес. Әзірге екі қорғаушымен шектеліп отырмыз”,- деді Ләззат Ахатова.
Адвокат сондай-ақ еліміздегі әділетсіздіктің әлі өршіп тұрғанын, әділдікке жету жолы ұзын әрі қиын екенін тілге тиек етті.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024