Айгүл Орынбек: Азат Перуашевтің үстінен қылмыстық іс қозғау керек
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қыркүйек, 2024
- 250
Заңгер Айгүл Орынбек экс-депутат Асхат Садықов туралы әріптес әйелге ұятсыз ұсыныс жасады деген Азат Перуашевтың үстінен іс қозғау керегін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы заңгер өзінің facebook парақшасында бөлісті. Айтуынша, Азат Перуашев қоғамның назарын басқа ақпаратпен аудармақшы болған.
“Ақжол партиясы төрағасы Азат Перуашовтың үстінен ҚР ҚК 211 бабымен қылмыстық іс қозғау керек! Құзырлы органдар тергеп -тексеру жүргізбей жатып, өз қызмет бабын пайдаланып, тіпті парламенттің ішінде қызметтік тексеру жүргізбей, екеуара хат алмасуды әлеуметтік желіге салып жариялағаны үшін! Азат Перушов қоғамның назарын басқа ақпаратпен бұрмақшы болды деген ойдамын, себебі белгілі, күні кеше Перуашовтың орынбасары Дмитрий Василиев үлкен шенеунікке пара берген деген күдікке ілінген! Біз Перуашовқа сенің орынбасарың үлкен шенеунікке неге пара беріп жүр, деп сұрақ қоюуымыз керек! Яғни Ақжол партиясының экс мүшесі Садықов “мені өздеріңнің лас істеріңе арластырмаңдар” деген сөздерінің астарында үлкен құпия бар! Жемқорлық парламент төрінде белең алып жатқанда, еліміздің болашағына алаңдау керекпіз! Ақжол партиясының мүшелері төрағаларыңды ауыстыратын уақыт келді!”,- деп жазды қоғам белсендісі өз парақшасында.