«Жанқош Тұраров 2018 жылы істі болған»: адвокат боксшы туралы жаңа ақпаратпен бөлісті
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қыркүйек, 2024
- 278
Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова боксшы Жанқош Тұраровтың 2018 жылы үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, бұзақылық бабымен қозғалған іс тергеуден қысқарып кеткен. Осы бойынша Бас Прокуратураға арыз жазып жатқанын бөлісті.
«Жанқош Тұраровтың үстінен 2018 жылы бұзақылық бабымен (атысқан) қылмыстық іс қозғалған екен. Іс Алмалы аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Алайда іс тергеуден қысқарып кеткен. Әнару Құрманәлі де дәл сол жылы арыз берген. Дәл сол Алмалы аудандық полиция бөліміне. Енді осы жерде назар аударатын жағдай: сол кездегі Алмалы аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары болған адам қазір Әуезов аудандық полиция бөлімінің (соңғы іс қаралып жатқан) басшысы. Кездейсоқтық па, әлде Тұраровтың «крышасы» ма, уақыт көрсетер. Бұл туралы Бас Прокуратураға жазып жатырмыз», - дейді Ләззат Ахатова.
Сонымен бірге, ол Әнару Құрманәлі мен Жанқош Тұраров тағы беттесетінін айтты.
«Тараптардан адвокаттардың қатысуымен қайтадан жауап алынады. Істің нәтижесі әзірге осы. Енді Жанқош Тұраров неге қамауға алынбай жатыр деген сұрақтарға жауап: әр істің өз нюанстары болады. Бұл іс бойынша арыз сәл кешігіп түскен, ал, сараптама қорытындысы шықпай, күдікті статусы берілмейді. Сәйкесінше, әзірге бұлтарптау шаралары қолданылмайды. Жәбірленушінің қорғау тарапы осы бағытта тиісті жұмыс атқарып жатыр», - дейді Ләззат Ахатова.