Ақтөбелеік әйел күйеубаласы қызын мәжбүрлеп демалысқа алып кеткенін айтып арызданған
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қыркүйек, 2024
- 300
Әйел күйеубаласы қызын алып кетіп, мәжбүрлеп ұстап отыр деп мәлімдеді. Бірақ келіншектің өз еркімен күйеуімен демалуға кеткені белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақтөбе облысы ПД-не сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, 30 тамызда Хромтау аудандық полиция бөліміне 23 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы арызбен әйел жүгінген.
"Өтініш берушінің айтуынша, қызын күйеуі алып кетіп, күштеп ұстап отыр", - деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД.
Жоғалған қызды іздеу үшін жедел-іздестіру тобы құрылды, олар қыздың болуы мүмкін барлық жерлерін тексеріп, таныстары мен достарын сұраған. Оперативниктер жұптың Ақтауға пойыз билеттерін сатып алғанын анықтады.
"Жоғалған қыз көрші облыста табылды. Ол күйеуімен өз еркімен демалуға кеткенін түсіндірді", - деп хабарлады ведомство.