Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мәскеуде қазақстандық студент қолынан пышақталған оқытушы жан сақтау бөлімінде жатыр

Мәскеуде қазақстандық студент қолынан пышақталған оқытушы жан сақтау бөлімінде жатыр
ашық дереккөз
Қазақстан азаматының Ресейде оқытушысына жасаған шабуылы бойынша тың деректер шықты
Оқиға жайлы МК газетінің сайты жазады. Белгілі болғандай, шабуыл 29 маусым күні шамамен 16:00 уақытында төртінші қабатта орналасқан дәретханада болған. 28 жастағы оқытушы Александр Дмитриевке жүйелі түрде сабақтан қалып, оқу ақысын дер кезінде төлемеген қазақстандық азамат Жасұлан шабуыл жасапты. Талапкер дәретханаға кірген кезде Жасұлан оқытушыны аңдып, пышақ сұғып алуға дайын тұрған. Оның сөзінше, жігіт өзін бір түрлі ұстаған. Александр кабинкадан шығып, қолын жууға бара жатқанда оның артынан Жасұлан мен талапкер кіріп келді. Болашақ студенттің сөзінше, ол дәретханадан бірінші шығып, ата-анасына қарай беттеген, артынан Жасұлан шығыпты. Тек соңынан ғана бір бүйірін ұстап, қанның дағы көрініп тұрған оқытушы шығады. Александрдың жанына әріптестері келді. Ол шабуылдаушының түрін көрмей қалғандықтан, оның кім екенін тани алмады. Жапа шеккен азамат есінен танып қалған. Ауруханаға дереу түрде жеткізілген оқытушыға ота жасалды. Жасұлан педагогтың бүйрегіне зақым келтірген, қазір ұстаз жан сақтау бөлімінде жатыр. Жасұлан болса Плеханова көшесінің бойында жатақханаға кетіп бара жатқан жерінен ұсталды. Қазақстандық азаматпен бірге оқыған құрдастарының сөзінше, ол өте қабілетті жігіт болыпты, математика мен физикаға қызыққан, оқу жылының алғашқы кездерінде ол сабақтарды құр өткізбей, тұйық болған, туған Байқоңыры жайлы көп айтатын. Кейін басқа мамандыққа ауысқан. Алайда оқуының екінші жылында Жасұланды университетте тек бірнеше рет қана көрген, осындай салғырттық оның оқудан шығуына әкеп соқты. Басылымның айтуынша, бір жыл бұрын қазақстандық азамат интернетте репетиторлық қызмет көрсететінін жазған. Онда ол Жуков атындағы олимпиаданың жүлдегері екенін және 600 рубльге өз білімімен бөлісетіндігі жайында жазба қалдырыпты. Оқыс оқиғаның себебі анықталмады. Жапа шеккен азаматтың Жасұлан мен оның МГТУ-дан оқудан шығуына еш қатысы болмаған. Осының алдында хабарлағанымыздай, Мәскеуде қазақстандық азамат Бауман атындағы МГТУ оқытушысына шабуыл жасаған. Ол ұсталды.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар