Басты жаңалықтар
Асылхан Төлепов тойына келмеген Төреғалиді жағасынан алды
- автор kyn.kz
- 12 шілде, 2018
- 2.3k
Жарияға жар салмай шаңырақ көтерген отандық актер Асылхан Төлепов құрдасы Төреғали Төреәліге астарлы әзіл арнап, тойына келмей қойғанын айтып қалды.
Әншінің инстаграм желісінде Төреғалиге бағыттап жариялаған әзілі дүйім жұртты күлкіге қарық қылды.
"Шашын гельдеп, сақалын, мұртын қырып, Тойға келді Төрештей сылқым жігіт. Артур мен Мадинаға тілек айтып, Қонақтарды билетті жұлқындырып. Ал менің "свадьбама" келмей қалды, Ішім ренжіп жүр еді, сыртым күліп, Кішкентайдан бірге өскен дос болғасын, За косяк алғансың ғо қылқындырып", - деп Асылхан іштегі наразылығын әзілмен білдірді. Халық өлең жолдарындағы әзілді оң деп бағалап, достар арасындағы сыйластыққа сүйсіне түсті.Публикация от Асылхан Толепов (@assylkhantolepov)