Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Кірпіктерді кесіп тастаған: Ақтөбеде жалдамалы пәтерінде блефаропластика жасап, науқастың көзіне зақым келтірген

Кірпіктерді кесіп тастаған: Ақтөбеде жалдамалы пәтерінде блефаропластика жасап, науқастың көзіне зақым келтірген
Сурет: zsclinic.ru
Instagram әлеуметтік желісінде блефаропластика қызметі туралы жарнаманы көрген талап қоюшы 2023 жылдың 4 тамызында жауапкердің жалдамалы пәтерінде ота жасатқан

Ақтөбеде клиентінің көзіне екі мәрте блефаропластикалық ота жасаймын деп оған зардап келтірген. Ол отаны жалдамалы пәтерінде жасаған деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Ол клиентіне айыппұл ретінде 1 млн 235 мың теңге төлеуге мәжбүр болды.

Ақтөбе қалалық сотына үйде блефаропластика жасатқан соң қабағы жарылған азаматша материалдық және моральдық залал өндіру үшін жүгінген.

Instagram әлеуметтік желісінде блефаропластика қызметі туралы жарнаманы көрген талап қоюшы 2023 жылдың 4 тамызында жауапкердің жалдамалы пәтерінде ота жасатқан.

Алайда бір апта өткен соң көзінің ассиметриясын байқап, оған 15 тамызда екінші рет ота жасатады.

Екінші ота кезінде жауапкер оң көздің қабағаның терісін тым терең кесіп төменгі кірпіктерді кесіп тастаған. Сөйтіп одан қан кетуі тоқтамаған.

Жауапкер жараны лазермен күйдіріп, қанды тоқтатып, қан кеткен жерді тігіп тастаған.

Талап қоюшы конъюнктивит, ауырсыну және жас ағу салдарынан офтальмолог пен пластикалық хирургтарға жүгінуге мәжбүр болған.

Қазіргі уақытта қабақтың толық жабылмауына, көздің және қабақтың үнемі ісуіне байланысты пациенттің сыртқы келбеті өзгергендіктен талап қоюшы жұмысты тастап, сәтсіз жасалған отадан кейін емдеу және оңалту шығындарын көтеруге мәжбүр болған.

Сот істі қарау кезінде жауапкердің ауруханада фельдшер болып жұмыс істейтінін, оның пластикалық хирургия бойынша лицензиясы жоқтығын, тек сертификаты бар екенін анықтады.

Жауапкер талап қоюшыға ота жасауға жұмсалған 80 мың теңгені өз еркімен қайтарған.

Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына 235 мың теңге материалдық шығын және 1 млн теңге моральдық зиян өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар