Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Кеудеден төмен, өкпеден ұрды”: 20 күндей комада жатқан сарбаз сержанттың қалай ұрғанын айтып берді (видео)

“Кеудеден төмен, өкпеден ұрды”: 20 күндей комада жатқан сарбаз сержанттың қалай ұрғанын айтып берді (видео)
Сурет: видеодан скриншот
Негізінде ол рота сержанты болды

Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жүріп, комаға түскен сарбаз Нұржігіт Әбділпатта басынан өткен оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda News YouTube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Нұржігіт Әбділпатта 2024 жылы 8 маусымда Қордайдағы ауруханаға Жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозымен жеткізілген. Ол комада 20 күн жатып, кейін Қордайдан Алматыдағы ауруханаға ауыстырылды. Қалалық ауруханаға жеткізіліп жүрек соғысы дұрысталып, жағдайы жақсарған. Алайда толықтай жазылып шығуы үшін әлі де уақыт қажет болды.

Нұржігіт әскерге өз қалауымен барған. Қазір физиотерапия, диагностикадан өтіп жүр екен.

"Әскерге өз қалауыммен бардым. Әскери борышымды өтеп қайтқым келді. Қашықтан оқып жүрген соң уақытты босқа өткізбейін деп, әскерге бардым. Бірдеңе үйренгім келді", – деді Нұржігіт. 

Өзін соққыға жыққан сержант туралы айтып, қалай болғанын баяндады.

"Оның аты Дастан. Негізінде ол рота сержанты болды. Өзі үнемі ашуға булығып жүретін. Сол себепті онымен ешкім араласпайтын. 22 күні түнде ұстамам ұстап қалды. Себебі, мен мұндай күнделікті кестеге үйренбеген едім. Ұзақ уақыт жүру, жүгіру стрессінен ұстама пайда болды. Содан түнде  ұстаманың кесірінен ұйықтай алмадым. Бұл туралы командирлерге шағымдандым. Сосын ол медбикені шақырды. Ол маған "бұл қалыпты жағдай" деді. Дәрі жазып беріп, оны ішкен соң бәрі жақсарды”, – дейді ол.

Нұржігіт сержанттың өзін қалай соққыға жыққанын, жағдайдың қалай болғанын айтты. 

“Осыдан кейін, 6-шы күні, тамағым ауырып, өзімді жайсыз сезіне бастадым. Сол кезде сержанттың жаныма қалай келгенін байқамай қалдым. Кеудеден төмен, өкпеден ұрды. Мен еңкейіп, ыңылдадым. Сосын ол мені бір-екі рет тыныс жолымнан ұрды. Осыдан кейін әскерде жағдайым нашарлай бастады. Жүгіргенде ең соңынан келетін болдым. Бірнеше күн дұрыс тамақтана алмадым. Ол мені өзімен өзі, жай ұрды”, – деді ол. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар