"Досаевтың көмекшісі ұсталды": Әкімдік түсінік берді
- автор kyn.kz
- 6 қыркүйек, 2024
- 220
Алматы қаласының әкімдігі жалған ақпарат таратқан адамдардың үстінен арыз түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Kyn.kz.
Әлеуметтік желіде Алматы әкімі көмекшісінің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ал фотода Іле ауданы әкімінің суреті жүр.
"Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді. Еске салайық, заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.
Айта кетері, Қылмыстық кодекс бойынша жалған ақпаратты әлеуметтік желіде таратқаны үшін екі түрлі жаза қарастырылған. Сот біреуін таңдайды.
3 000 АЕК (11 млн теңге) көлемінде айыппұл;
3 жылға бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру.