Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Онлайн жезөкшелікпен айналысқандарға тыйым салынды: заң күшіне енді

Онлайн жезөкшелікпен айналысқандарға тыйым салынды: заң күшіне енді
Сурет: caravan.kz
Қазақстанның қылмыстық кодексіне "жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер" деген жаңа ұғым енгізілді

Елімізде 5 қыркүйекте "Адам саудасына қарсы күрес туралы" заң күшіне енді. Енді онлайн жезөкшелікпен айналысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның қылмыстық кодексіне "жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер" деген жаңа ұғым енгізілді. Адамдарды өзге де интимдік сипаттағы қызмет көрсетуге тартуға, осы мақсатта жеңгетайлық жасауға, үгіт-насихатқа және жарнамаға тыйым салынады.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға жезөкшелікпен айналысқаны үшін немесе жыныстық сипаттағы өзге де қызметтерді пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша тараптар татуласқан жағдайда да ешкім қылмыстық жауаптылықтан босатылмайтынын атап өтті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар