«Кімге сенуді білмеймін»: экс-депутат Асқар Садықовтың әнші қызы әкесіне қатысты пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 қыркүйек, 2024
- 444
Жұмыстағы әйелге жыныстық қатынас ұсынды деп жұмыстан қуылған Асқар Садықовтың қызы, әнші Dequine оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші стресс алғанын және кімге сенетінін білмей қалғанын айтып, ойымен бөлісті.
"Соңғы күндері көптеген жаңалықтар шығып жатыр, және сіздер өздеріңіз де оқиғалардың қалай өрбіп жатқанын көріп отырсыздар. Әкем, Асқар Садықов, жұмыс орнындағы харассмент бойынша ашық түрде айыпталды. Сіздер сияқты, мен де болған жағдайдан қатты таң қалдым. Шынымды айтсам, не айтарымды да білмеймін. Не істеу керегін, кімге сенуді және мұндай жағдайда қалай әрекет ету керегін білмеймін. Өмір мені бұған дайындаған жоқ. Харассменттің ауыр қоғамдық оқиғасын бастан өткерген адам ретінде, қазіргі жағдай мен үшін керемет стресс», - деді ол.
Айтуынша, зорлық-зомбылыққа бұрын қалай қарсы болса, қзір де сол ұстанымда қалатынын жеткізді
"Бірнеше жыл бұрын харассментке және барлық түрдегі зорлық-зомбылыққа қарсы шыққанымдай, қазір де сол ұстанымдарымда қаламын. Мен кез келген зорлық-зомбылықты айыптаймын. Маған осы қиын кезеңде қолдау көрсетіп, жанашырлық танытқан баршаңызға алғыс айтамын. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте құнды", - деп жазды әнші.
Ұқсас жаңалықтар
«Бәріміз де қыз асырап отырмыз»: Мәжілісте қыз алып қашу мәселесі көтерілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024