Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

БҚО-ның прокуроры атышулы видеодан кейін өз еркімен қызметінен кетті (ВИДЕО)

БҚО-ның прокуроры атышулы видеодан кейін өз еркімен қызметінен кетті (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скрин
20 тамызда Абылай Бисқалиев Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылған.

Батыс Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев желіде тарап кеткен видеодан кейін қызметінен кетті. Өзін жұмыстан босату туралы өтініш жазған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

БҚО прокуратурасы 12 тамыз күні Facebook-те «Қоршаған ортаны қорғайтын прокурор, қоршаған ортаны бүлдіріп жүргені қалай?» деген тақырыппен фото-видео бойынша қызметтік тексеріс жүргізген.

«Объективті себептерге байланысты фото-видеоның нақты қай күні түсірілгенін анықтау мүмкін болмады. Бірақ бұл жағдай қоғамдық резонанс туғызып, әлеуметтік желі қолданушылары мен ақпарат сайттарының оқырмандары арасында қызу пікірталасқа ұласты. Әдеп кодексіне сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтар, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, мемлекеттік билік беделіне, азаматтар мен қоғамның мемлекеттің институттарына деген сенімін нығайтуға септігін тигізуі керек, теріс қоғамдық резонанс туғызатын әрекеттерге жол бермей, өз абырой-беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерден аулақ жүруі керек», - дейді прокуратурадағылар.

20 тамызда Абылай Бисқалиев Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар