Жексенбі, 8 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Еліміздің шығысында қар жауады, деп жазды Kyn.kz
Шымкент қаласында 8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Түркістан қ.: 08 қыркүйекте күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
8 қыркүйекте Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды облысының батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 8-9 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі. 08-09 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
08-09 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 8 қыркүйекте күндіз Алматы облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 8 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батыстан, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
8 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
8 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. 8 қыркүйекте Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ: 08 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 08 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады. 7 қыркүйекте Маңғыстау облысында, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста төтенше өрт қауіпі сақталады. 8 қыркүйекте Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 8 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік сақталады. 8 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. 8 қыркүйекте Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.