Алматы облысында екі шенеунік пен депутат жұмыс уақытында кафеде сыралатып отырған жерден ұсталды (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 7 қыркүйек, 2024
- 1.4k
6 қыркүйек күні Алматы облысында орналасқан кафелердің бірінде мәслихат депутаты Ләззат Тұрлашев және Жетісу облысына қарасты Кербұлақ ауданы әкімінің қос орынбасары Дәурен Жолжанов, Нұрлан Әбденов кездескен. Азаматтық белсенді Сарыөзектік Күнсұлу Мүлкібаева отырыстың ортасынан түсіп, жағдайды видеоға түсіріп алған, деп жазды Kyn.kz тілшісі.
Мүлкібаева бірден шенеуніктер отырған стол басына камерасын қосып, жағдай сұрасып барады.
"Міне жұмыс уақытында замдар отыр. Екі зам бірдей отыр, міне. Бүгін 6 қыркүйек. Қазір 102 шақырамын. қандай әдемі отырыс. қараңыздар Әденов отыр. Ешқайда кетпейсіздер, неге қашасыздар. Арақ, пиво, коньяк ұсталдыңыздар. Бірінші зам Нұрлан аға",-дейді.
Шенеуніктер тұра қашады. Белсенді оларды қашырғаннан кейін стол басына оралып, дастарханда расымен ішімдік толы екенін көрсетеді. Сол мезетте 102 бойынша шақырылған полицейлерде келеді. Бірақ Мүлкібаеваның сөзінше тәртіп сақшылары шенеуніктердің әрекетіне қатысты ешқанда арыз-шағым, заңбұзушылық тіркемеген.
ВИДЕО: