Турнир барысында Ризабек барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ҰОК-іне сілтеме жасап.
97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесті.
Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, турнир барысында Ризабек барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
- авторkyn.kz
- 20 шілде, 2026




