«Бұл абайсызда болған жағдай емес»: Маңғыстау полигонда көз жұмған сарбаздың әкесі істі министрдің өз бақуылауына алуын сұрады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 қыркүйек, 2024
- 375
Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында байқаусызда оқ тиіп, көз жұмған сарбаздың әкесі баласының абайсызда тапқанына сенбейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол ұлының өліміне қатысты әлеуметтік желіде видео үндеу жолдап, Қорғаныс министріне бұл жағдайды өз бақылауына алуын сұрады.
“Ақтауға бара жатырмын. Баламның бетіне тигін тапаншадан шыққан оқ абайсызда тиген деп отыр. Офицер тапаншаны ермек қылып ойнап отырып, шүріппені абайсызда басып алыпты. Мен ҚР-ның Қорғаныс министрінен бұл істі қолға алуын сұраймын. Бұл абайсызда болған жағдай емес. Тапанша атылу үшін алдымен, оны оқтау керек, сосын сақтандырғыштан шығарылуы керек қой. Ол қалай бірден атылып кетеді. Тапанша ол ойыншық емес, онымен офицер ойнамады деп ойлаймын. Бәрін бір адамға жапқалы отыр. Қазір тергеу Ақтау қаласындағы тергеу шараларына жол жүріп бара жатырмыз. Мен істің мән-жайын бүге-шігесіне дейін анықтап қарағанын талап етемін ”, - дейді сарбаздың әкесі.
Еске сала кетсек, бүгін Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында бір сарбазға абайсызда оқ тиіп, көз жұмғанын жазған едік. Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған.