Басты жаңалықтар
Маңғыстауда астан уланған балалардың саны 141-ге жетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 қыркүйек, 2024
- 708
1-4-сынып оқушыларының зардап шеккені белгілі болды
Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында мектеп асханасында тамақтан уланған балалардың саны 140-тан асты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 141 бала медициналық көмекке жүгінген. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір ауруханада 82 бала емделіп жатыр. Үйде 43 бала, стационарда 16 бала жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасы өңірде төсек-орын жабдықтары мен дәрі-дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз етілген деп сендіреді.
Айта кетсек, бұған дейін Бесшоқы ауылындағы No8 мектепте балалардың уланғаны жайында жазған едік. Салдарынан 1-4-сынып оқушыларының зардап шеккені белгілі болды.