«Бұл балабақша емес – армия!»: Маңғыстау облысында оқ тиіп көз жұмған сарбаздың қарындасы жазба жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 қыркүйек, 2024
- 3.5k
Маңғыстау облысында бетіне оқ тиіп қаза болған сарбаздың қарындасы Лаура Ержанова тергеудің әділ жүргізілуін талап ететінін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
«Ағатайым көз жұмды. Кейбір кезде көп уақыт кездеспей қалушы едік. Бірақ мен әруақытта қорғаным екеніңді білуші едім. Ағам мені қорғап жүретін. Бізде бәрін ақша шешетінін білемін. Айуанды ақтау үшін қазір бәрі жүгіріп жатқан шығар. Ол “ойнап тұрып” атып алды деген не сөз? Бұл балабақша емес – армия! Болған жайттың бәрін қорыта алмай тұрмын. Бірақ әділеттіліктің орнауы үшін атсалысқым келеді. Ақпаратты бәріңіз таратсаңыздар екен, – деп жазды Лаура.
Айта кетсек, Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында қаза тапқан сарбаздың әкесі мәлімдеме жасаған болатын. Ол ұлының абайсызда өлім құшқанына сенбейтінін айтты.
Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында сарбаз көз жұмғаны жайлы жазған едік. Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған.
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024