Мәдениет
“Толыққанды болып өспейді”: Мөлдір Әуелбекова жалғызбасты аналарды елдің сөзіне сенбеуге шақырды
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 қыркүйек, 2024
- 409
Сіз жалғыз өсіріп отырған жоқсыз
Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова жалғызбасты аналарға қолдау білдірді. Айтуынша, жалған сенім көп, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазып, баласын жалғыз өсіріп отырған аналарға сенім ұялатты.
“Жалған сенімдер… Иә, біздің санамызда жалған сенім өте көп. Соның бірі: “Әкесіз бала толыққанды болып өспейді!” – дейді. Өседі, өскенде қандай керемет бала болып өседі. Ол үшін, жалғызбасты аналар, осы жалған сенімді саналарыңыздан алып тастаңыздар! Сіз жалғыз өсіріп отырған жоқсыз. Сізде, балаңызға тағдыр беретін, ең басты қолдаушыңыз Алла бар. Балаға махаббат сездіретін ата-ана, бауыр т.б. жақындарыңыз бар. Есесіне, күмәніңіз болмасын, сіз өте керемет анасыз! Осыны естен шығармаңыз!”, – деп жазды әнші.