Шымкентте тәрбиеші белгісіз затпен баланы ұрып-соққан (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 қыркүйек, 2024
- 568
Шымкенттегі жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаларды ұрып-соққан. Бұл туралы видео желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Видео авторының хабарлауынша, оқиға Шымкенттегі "Сүлеймен" жекеменшік балабақшасында орын алған.
Бейнежазбадан тәрбиешінің төсекте жатқан баланы белгісіз затпен ұрғанын байқауға болады. Ары қарай баланы аяғынан ұстап, бөлменің ортасына сүйреп апарады. Одан кейін басынан ұрған. Қасында жатқан бала төсегінен тұрып, тәрбиеші ұрып жатқан бүлдіршінге көмектеспек болады. Бірақ тәрбиеші итеріп жіберіп, төсегіне қайта жатқызған.
Болған жағдайға қатысты оқу-ағарту министрлігі тәрбиешінің жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.
"Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында", – деп хабарлады министрлік.