Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың үйлену тойындағы суреті желіде тарап кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 қыркүйек, 2024
- 1.7k
Актриса Айгүл Иманбаева мен бірніші күйеуі Сәбит Әбдіхалықовтың үйлену тойы кезіндегі сурет желіге тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл үйлену тойдың суретін журналист, тележүргізуші Динара Сәтжан жариялады.
«Екі жыл бұрын Айгүлдің туған күнінде тілек айтып, тұрмысқа шығып бақытты бол деп едім. Сол күн орындалды. Бірақ мені тойына шақырған жоқ. Кейде Айгүлге үйленген кезімді ұмытып қаламын», – деп жазды актер.
Олардың үйленгендеріне 25 жыл өткен. Алайда Айгүл Иманбаеваның айтуынша, екеуі бір жарым жыл ғана бірге тұрған.
“Кезекті киномызға идея келіп отыр. Осылай екеумізді үйлендіріп, тағы бір кино түсіруге болады екен. Сәбит екеуміз бір жарым жыл ғана бірге тұрдық. Асылжан алты айға толғанда ажырасып кеттік. Бұл да бір естелік екен. 25 жыл өтіпті”, – деді әнші.