Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Сендей сіңлім болғанына өкінемін»: Мақпал Жүнісова көпшіліктен кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Сендей сіңлім болғанына өкінемін»: Мақпал Жүнісова көпшіліктен кешірім сұрады (ВИДЕО)
Сурет: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/
Бұл видеодан кейін әншіге әпкесі хабарласып, ренжіген

Халық әртісі Мақпал Жүнісова бүгінгі таңертеңгі видеосына қатысты пікір білдіріп, көпшіліктен кешірім сұрады деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды

Бұл видеодан кейін әншіге әпкесі хабарласып, ренжіген. Айтуынша, ол өзіндей сіңлісі барына өкінетінін жеткізген.

“Құрметті ағайын! Менің таңдағы видеома кешіріммен қараңыздар! Қазір ғана әпкем хабарласып, мендей сіңлісі барына ұялатынын айтты. “Сен біздің масқарамызды шығардың! Сендей сіңлім болғанына өкінемін” деп маған қатты сөздер айтып жатыр. Жарайды, өмір сүре берсін! Мен де өлемін. Сүлеймен де өлген. Патшалардың бәрі өледі. Басымды қатырмаңдар! Кері қайтсаңдар, кері қайтып кетіңдер! Әкемнің әруағы қолдасын!”, – деді әнші. 

Айта кетсек, халық әртісі ішімдік ішіп алған дегенді жоққа шығарып, өзінің қымыз ғана ішкенін мойындаған болатын. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар