Маңғыстаудағы сарбаздың өлімінен кейін белсенділер жастарды әскерден босату туралы петиция жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 қыркүйек, 2024
- 397
Қазақстандықтар елдегі міндетті әскери қызметті алып тастау туралы петиция жариялады. Ол e-Petition сайтында жарияланған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәтінде еліміздегі мерзімді қызметті жою қажеттігі туралы көрсетілген.
"Жарғылық емес қатынастарға, дайындыққа немесе медициналық бақылаудың жеткіліксіздігіне байланысты жазатайым оқиғалар, суицидтер және басқа трагедиялар мерзімді қызметті жалғастырудың орындылығына күмән келтіреді", – делінген мәтінде.
Автордың жазуынша, әскердегі орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар мен қайғылы жағдайлардың негізгі себебінің бірі - әлімжеттік. Толық психологиялық дайындық пен бейімделуден өтпеген жастар әскерде басқа сарбаздардың зорлық-зомбылығы мен қысымының құрбанына айналады.
Петицияға қол енді ғана жиналып жатыр.