"Сені бай да алмайды, Құдай да алмайды": Айнұр Тұрсынбаева тұрмысқа шықпаған 35 жастағы қыз туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 қыркүйек, 2024
- 8.8k
Айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева 35 жасқа келіп әлі де тұрмысқа шықпаған қыздың оқиғасы туралы айтты, деп хабаралайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ақын орта жастағы қыздан не себепті әлі де тұрмысқа шықпай жүргенін сұраған. Айтуынша, бір ауыз сөз адамның тағдырына әсер етеді екен.
"Жақында маған бір жас қыз келген болатын. Жас қыз болғанда тұрмысқа шықпаған, жасы 35-тегі қыз. Сонда мен ол қыздан сұраймын, "тұрмысқа шыққың келе ме?" деп. Ол айтады: "Мен тұрмысқа шықпайтынымды анық білем", - деп. "Қайдан білесің?" десем, "Менің әжем маған "Сені бай да алмайды, Құдай да алмайды" деп айтқан болатын" дейді. Былай қарап тұрсақ, бір-ақ ауыз сөз. Адам соны өзіне қабылдап тұр", - деді Айнұр Тұрсынбаева.
Ол бір-ақ ауыз сөздің кесірінен қаншама адамның тағдырына әсер етеп жатқанын айтты.
"Сол сияқты білесіздер иә, бір-ақ ауыз сөздің кесірінен қанша отбасы ажырасып кетіп жатыр, қанша адам ішіп кетеді, қанша адам өсіп кетеді, қанша адам өшіп кетеді. Бір-ақ ауыз сөз көбінесе сіздің өміріңіздің астан-кестеңін шығарып жіберуге жеткілікті. Сол сияқты кішкентай кезіңізде сіз естіген "бай болғанша басың аман болсын" деген сөздің өзі де сізге өмір бақи әсер етуі мүмкін немесе "тұқымың тұздай құрысын" деп айта салатын ауыр сөздер бар. Ол да сіздің өміріңізге әсер етуі мүмкін. Сіз дәл қазір ойланып, қарап көріңізші, сіздің өміріңізге ең қатты әсер еткен кімнің сөзі? Осыны ойлап көріңіз. Сіз өзіңіздің проблемаларыңызды жайлап тауып аласыз", - деді ол.