Қоғам
Астанада мектеп-гимназияның жанындағы ғимараттан оқушы қыздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 қыркүйек, 2024
- 2.2k
Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Астанада қаңырап бос тұрған ғимараттан 14 жастағы оқушы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлады KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астана қалалық полиция департаменті ақпаратты растады. Оқушы қыздың өлі денесі кеше,10 қыркүйек күні табылған.
«2024 жылдың 10 қыркүйегінде қыз баланың мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті. Оның бойынан ұрып-соғудың белгілері табылған жоқ. Бірақ, оның өлімі неден болғаны анықталып жатыр. Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады полиция департаменті.