Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы қырғыздардың ұлттық ат спортынан финалға шықты

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы қырғыздардың ұлттық ат спортынан финалға шықты
Бұған дейін көкпардан Қазақстан құрамасы жартылай финалда Ресей командасын жеңіп, Көшпенділер ойындарының финалына өткен еді

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы қырғыздардың ұлттық спорты саналатын Көк бөріден финалға шықты  KYN.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы қырғыз халқының ұлттық ат спорты саналатын Көк бөріден финалға жолдама алды. Ойын ережесі бойынша, серкені жерден алып үлгерген шабандоз оны қарсылас команданың қазандығына салуы керек. Құрамамыз жартылай финалда Түркия командасымен ойнап, 15:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазақстанның финалдағы қарсыласы Қырғызстан – Ресей ойынынан кейін анықталады. Финалдық бәсеке ертең, 12 қыркүйекте 16:30-да басталады.

Айта кетейік, бұған дейін көкпардан Қазақстан құрамасы жартылай финалда Ресей командасын жеңіп, Көшпенділер ойындарының финалына өткен еді. Енді қазақ көкпаршылары ертең қырғыз спортшыларымен алтынға таласады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар