Қоғам
Алматы облысында мұғалім сабақ үстінде оқушыға қол көтерген (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 қыркүйек, 2024
- 306
Тарих пәнінің мұғалімі жұмысынан босталыған
Алматы облысында мұғалім оқушыға қол көтерген. Бұл туралы видеоны сыныптағы балалардың бірі түсіріп алған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға Алматы облысының Көктерек ауылындағы №21 мектебінде орын алған. Балалардың айтуынша, тарих пәнінің мұғалімі оқушыларға сабақ үстінде қол көтерген.
Аталмыш видео әлеуметтік желіде тарап кеткен.
«Іле аудандық Білім бөлімі Көктерек ауылындағы №21 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі жұмысынан босағанын хабарлайды. Жұмыстан босатуға мұғалімнің педогика этикасын сақтамау, сегізінші сынып оқушысына күш қолдану арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануы себеп болды», — деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Келесі мақала