Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көшпенділер ойыны: Қазақстан көкпардан қырғыздарды жеңді

Көшпенділер ойыны: Қазақстан көкпардан қырғыздарды жеңді
Сурет: туризм және спорт министрлігі
Бірінші таймда Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары жанжалдасып қалып, ойын уақытша тоқтаған болатын

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан жеңіске жетті. Төрт күн бойы жалғасқан ойын бүгін мәресіне жетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстандық шабандоздар көкпардан 5:4 есебімен жеңіске жетіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесін қанжығалады. Қырғыз көкпаршылары күміс жүлдегер атанды.

Айта кетсек, бірінші таймда Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары жанжалдасып қалып, ойын уақытша тоқтаған болатын. Бірақ төрешілердің араласуымен дау дамай шешіліп, ойын қайта жалғасты.

Сөйтіп шешуші сәтте алғашқы салымды қазақ көкпаршылары салып Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар