"Тез арада көшіп кетіңдер": Керегетас жұрты анасы мен қызын өлтірген күдіктінің отбасын ауылдан қуды (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 15 қыркүйек, 2024
- 693
Ауылдың 40-қа жуық тұрғыны жиналып күдіктінің үйіне барған. Оларды 29 жастағы бұрынғы мұғалімнің анасы күтіп алды. Ауыл ақсақалдарымен бірге полиция, ауыл әкімі барлық жауаптылар жиналды, деп жазды Kyn.kz тілшісі.
"Ауылдан дереу кетіңдер. Үйлеріңді сатасыңдар ма, тастап кетесіңдер ме шаруам жоқ. Бүкіл ағаштағы жемістеріңе дейін жинап алыңдар. 2 апта уақыт береміз. Кетпейді екенсіңдер өзім аямаймын",-деді жасы 70-ке жақындаған Керегетас тұрғыны.
Жиналғандар арасында марқұм әйелдің тұрмыстағы қызы да болды. Ол әкім мен полицияға өз уәжін айтты.
"жедел жәрдем 1,5 сағатта жетті. Полиция, учаскелік полицияны ауылдықтар танымайды да. барлығы жұмыстарынан кетсін. ешкім жұмыс істеп жатқан жоқ. Сол үшін де ауылда осындай бассыздық",-деп айқайға салды.
Өз кезегінде анасы мен қызын түн ортасында ұйықтап жатқан жерден кірпішпен бастарына ұрып өлтірген күдіктінің анасы елден басылуды сұраған. Әрі алдағы екі аптада үйін босатып, басқа жаққа кетуге уәде берді.