Ақбота Керімбекова: Динара Адам деген мені телефонмен балағаттап, жобадан құры деді!
- автор kyn.kz
- 16 қыркүйек, 2024
- 760
Әнші Ақбота Керімбекова Ұлттық арнадағы ірі жобалардың жетекшісі Динара Адам өзін қорлағанына ашулы. Сөзінше белгілі продюсер телефон арқылы талабын айтқан әншіге "Жобадан құры" деп балағат сөз айтып зіркілдеген көрінеді, деп жазды Kyn.kz тілшісі.
"Ләззат Танысбайға және тексеруші органдарға Жағдай былай! Бүгін “Қазақстан” ұлттық арнасының “Жұлдызды жұп” жобасының кезекті түсіріліміне Алматыдан Астанаға ұшып келдік. Біраз бұрын бағдарламаны ұйымдастырушылар маған хабарласып, “SAAD” мейманханасына бөлме броньдалған. Сол жаққа орналассаңыз”,-деді. Айтқандарын жасап, сонда барсам, “сізге орын броньдалмаған”,-дейді.
Бірден жауапты қыздарға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, өзімнің қатты ауырып келгенімді, мәселені тезірек шешуін сұрадым. “Басқа жерге ауыссаңыз”,-деді. Көшіп-қонып жүруге шамамның болмай тұрғанын айтып, сәл назымды жеткіздім. Бір кезде аты-жөні жоқ, жоба продюсері, “әйгілі” Динара Адам хабарласып, жекіп, “я устала уже от всех этих капризов, все ваши капризы у меня выше головы стоят. Хочешь, уходи на х*р из этого проекта”,-дейді. Дәл осылай!
Қазақта “қарынымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына налимын” деген сөз бар. Ұлт ұлт болғалы маңдайымызға бұйырған жалғыз ұлттық арнамыздың маңдайалды жобаларына Алаш түге, адамның қадірін білмейтін, бірде-бір рет қазақша ойланып, ой қорытып көрмеген біреулер жетекшілік еткесін, көрген күн осы екен… Қазір қоғамда төл арналарымыздың осы тектес музыкалық жобаларына сын көп.
“Тұрқы жоқ әнші, сұрқы жоқ сөз, ұлты жоқ ән қаптады”,-деп өкпелейді халық. 30 жылға жуық Қазақтың ғана әнін айтып, сахнада жүрген әншілерді осылай “послать” ете берсе, ән өнеріне қызмет етуге кімде құлық болады дейсіз? Жеке өзіме бұл жоба түк те қызық емес, тек, “мен болмасам, кім? Өз авторларымның туындылары халыққа жете берсін. Жасымды, жолымды пұлдап мен қатыспасам, менің орыныма шөпті де, шөңгені де өлең ғып жүрген біреу табылады ғой”,-деген оймен шақыруларына келісім бергем. Бұған дейін бұл жобадан, бұл продюссерлік құрамнан бір тиын гонорар да алып көрмегем. Өзге елден келетін “әйдік” әншілердей райдер де қоймаймыз. Қарапайым күтіп алу әдебін сақтаса, менің бұларда нем бар? Сонысымен қоймай, анадай сөз айтады!.. Бұл кім сонда?!",-деп сұрады әнші Ақбота Керімбекова.
“Сыйақы беріледі”: ҚМА қазақстандыққа іздеу жариялады
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024