«Кейбір продюсерлер – құдай, әртіс – құл болуға айналды»: Меруерт Түсіпбаева Ақбота Керімбекованы қолдады
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2024
- 2.2k
Әнші Ақбота Керімбекова ұлттық арнадағы түсірілім кезінде болған жағдайға ашуланып, жоба продюсері Динара Адамның өзіне дөрекі сөйлегенін жазған болатын. Әріптесі Меруерт Түсіпбаева әншіге қолдау білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Меруерт Түсіпбаева Ақботаның Керімбекованың айтқанына қосылып, кейбір продюсерлерді сынға алды.
“Бүгін Ақбота үндеу жасаған екен. Өте дұрыс. Шын мәнінде, кейбір продюсерлер – құдай, әртіс – құл болуға айналды. Ол біздің мемлекетте де бар. Тендерге де қатысты. Айтылмай жүрген шындық. Барлық жоба мен шоуларға қатысқан әншілерге гонорар төленсе деймін. Ресейде эксперт болып отырған адамның гонорарын төлейді. Оны ешкім танымайды. Бірақ қатысқаны үшін қаламақысын алады. Біздің елде ондай жоқ. Сондықтан, Ақботаның сөзі рас. Оған қосыламын. Жағдай өзгерсе дейміз”, – деді өнер иесі.