Көпбалалы ана: Түн ортасында ауыл әкімі тереземнен кіріп, ішкиімімді шешпек болды (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 17 қыркүйек, 2024
- 820
Жетісу облысы, Ақсу ауданынында 4 баланың анасы өзін түн ортасында келіп шошытқан әкімді сотқа берді. Әйелдің сөзінше округ әкімі өз нөкерімен әйелдің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан келіншекті шешіндіруге тырысқан, деп жазды kyn.kz тілшісі.
«Мен түнде ұйықтап жаттым. бір кезде бүйірімнен біреу ұстап, ішкиімімді астыға қарай тартты. Қатты тартқаннан оянып кеттім. "Жаным" дедім. Оянып сол сәтте күйеуімнің Текеліге кеткені есіме түсті. Қарасам төбемде үлкен болып пысылдап Ильяс Райымқұлов тұр. Бірден атып тұрып басқа бөлмеге қарай қаштым. Сол кезде ол сыртқы есікті аша алмай тұрып қалды. Есікті ашсам кіреберістегі дәлізде әкіммен бірге әкімдікте істейтін адам тұр»,-дейді әйел.
Қазір ауыл әкімінің бұл әрекетін сот қарап жатыр. Әйелдің ашынатыны сот тек «өзгенің үйіне рұқсатсыз кіру» бабы бойынша қаралып жатыр екен.