«Өтінішіңізді 20 қыркүйекке дейін тапсырып үлгеріңіз»: қазақстандықтарға 70 мың теңге өтемақы төленеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 қыркүйек, 2024
- 5.3k
Желіде қазақстандықтарға әлеуметтік қордан 1949 және 2010 жылы туған адамдарға 70 мың теңге қаржы төленетіні туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Бәз біреулер 20 қыркүйекке дейін өтінім беріп үлгеру үшін сілтеме арқылы өтуді ұсынады. Бірақ бұл жалған ақпарат.
Stopfake.kz Төлемдер мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындаумен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысатынын ескертеді. Қазақстанда әлеуметтік қор жоқ.
«Министрліктің ресми порталында алаяқтар көрсеткен белгілі бір мерзімде туғандар үшін 70 мың теңге төлем бар екені туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.
Жарнаманың сенімділігін арттыру үшін алаяқтар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін пайдаланады. Бірақ Мемлекет басшысының ресми порталында да жаңа төлем туралы қаулылар жоқ.
«Интернетте өтемақы мен төлемдер туралы ақпарат жиі шығады, күмән келтіретін жарнамаға сенбей, белгісіз сайттарда жеке мәліметтерді қалдырмау керек», - деп ескертілді қазақстандықтарға.