Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мен саған демеуші боламын»: Ақбота Керімбекова қалталы азаматтардың өзіне сөз салғанын айтты

«Мен саған демеуші боламын»: Ақбота Керімбекова қалталы азаматтардың өзіне сөз салғанын айтты
Сурет: Видеодан скриншот
Қалталы азамат әншіге сахнаға шығуына демеуші болғысы келген

ҚР мәдениет қайраткері, әнші Ақбота Керімбекова кезінде өзіне қалталы азаматтардың сөз айтқанын жасырмады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі Adal Adam Youtube-жобасына берген сұхбатында әңгімеледі. Айтуынша, бұрын белгілі адамдар өзін отырыс, тойларға шақыратын болған.

“Академияда 3-4 курс оқып жүрген кезімде Досхан Жолжақсынов Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрды басқарып тұрған. Ол кісілер менің гитарамен ән айтатынымды ұнататын. Өздерінің отырыс, тойларына шақыратын. Бір күні Досхан ағаның шаңырағында той болды. Барып гитарамен әнімді айтып бердім. Қайтатын кезде Досхан аға бір кісіге "қарындасымды жеткізіп тастаңызшы" деді, өйткені үйіміз бір бағытта еді. Бір кезде жолда әлгі кісі маған қырындай бастады. Мен студентпін, жап-жаспын мұндайды түсінбеймін. "Қарындасым, бір жерге барайық" деген әңгіме айта бастады. “Өнерге енді қадам басқың келіп жүр екен, саған қолдау керек, мен саған демеуші боламын" деді. Оның сөзіне қатты намыстанып кеттім», - дейді әнші.

Айтуынша, әлгі кісінің сөзінен кейін намыстанып кеткен.

«Сөйтіп "рақмет. Алла бар ғой, сахнаға өзі күшіммен, адал еңбегіммен шығамын" дедім. "Шыға алмайсың" дейді маған, "шыға аламын" дедім. Сөйтіп екеуміз сөзге керісіп қалдық. "Осыдан қарап тұрыңыз, сахнаға өз еңбегіммен шығамын, қолдаусыз" дедім. Сол бір сөз менің намысыма қатты тиді. Өнердің бәрі сатылмайды ғой. Ондайлар бар шығар, бірақ бәрін сондай деуге келмейді. Сырттан өсек те кетеді, әңгіме де кетеді. Бірақ бәріне ере беретін болсақ, өмірде жақсы адам қалмайды”, – дейді Ақбота Керімбекова. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар