Басты жаңалықтар
Енді қазақстандықтар шенеуніктердің дүние-мүлкін көре алатын болады
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 қыркүйек, 2024
- 592
Саяси мемлекеттік қызметкерлердің мүлкін көрсетуі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңмен реттеледі
2025 жылдан бастап қазақстандықтар саяси мемлекеттік қызметкерлер тапсырған декларацияны көре алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, саяси мемлекеттік қызметкерлердің мүлкін көрсетуі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңмен реттеледі.
«Заңның 11-бабына сәйкес, жекелеген саяси мемлекеттік қызметшілер үшін декларацияның ашықтығы көзделген. Яғни олар келесі жылдан бастап декларациясын ашық жариялайды», - деді Біржанов мәжіліс кулуарында.
2025 жылдан бастап декларациясын ашық көрсететін саяси мемлекеттік қызметкерлерге мыналар кіреді:
- саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;
- "А" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;
- Парламент депутаттары мен олардың жұбайлары;
- Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
- Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары;
- квазимемлекеттік секторда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары.