Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қыста өршиді: Коронавирустың жаңа түрі жылдам тарап барады

Қыста өршиді: Коронавирустың жаңа түрі жылдам тарап барады
Сурет: gov.kz
Ғалымдар азаматтарға қазір қолданыста бар вакциналарды ектіріп, алдын ала қамдануға шақырады

Коронавирустың жаңа түрі жылдам тарап барады. Ғалымдар әлемде ауыр індеттің тағы бір толқыны басталуы мүмкін деп дабыл қағуда. Өйткені Ковидтің ХЕС штамы Германияда тіркеліп үлгерген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Коронавирустың жаңа түрін Ұлыбритания, АҚШ, Дания елінің азаматтарының да жұқтырған. Америкалық ғалымдар бұл вирустың бұрынғылардан қауіптірек әрі ол тез жұғатынын айтуда. Ғалымдар азаматтарға қазір қолданыста бар вакциналарды ектіріп, алдын ала қамдануға шақырады. Өйткені сырқаттың жаңа түрі, әсіресе қыста өршиді.

«Коронавирустың жаңа штамдары үнемі пайда болып отырады. Біз Ковидтің ешқайда кетпейтінін түсінуіміз керек. Өйткені вирус мутациясымен сипатталады. Яғни езгіл-мезгіл пайда болуы мүмкін. Өткен аптада елімізде 25 науқас стационарда медициналық көмекке жүгінген. Біз, бұрынғыдай, халықтан сынама алып, Ковид-19 қоздырғыштарының бар-жоғына зерттеу жүргіздік. Қандай штамм айналымда екенін анықтадық. Әзірше халықтың алаңдауына еш себеп жоқ», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің басқарма басшысы Роза Қожапова.


 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар